Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары
Қымыз мұрындық
1 сурет.
Қымыз мұрындық — ауыспалы мағынада барлық көшпелі халықтар үшін киелі сусын саналатын алғашқы қымыздың мерекесі. Ғалымдар З. Қ. Сурағанова мен Қ. Қ. Сарсембина: «Қымыз дәстүрлі мәдениетте ежелден қансыз құрбандық, ақ игіліктің, аспанға, төрт тарапқа, тауларға және жауынгерлік туға арналатын қасиетті тағамдық тарту ретінде қарастырылған», — деп жазады.
Бұл мереке Еуразия кеңістігінде әртүрлі атаумен аталып өтеді: буряттар оны «цэгээны зугаа», башқұрттар «мыстар», ал Моңғолия қазақтары «бие байлар» деп атайды. Алайда барлық жерде де ол көктемгі-жазғы маусымның басталуымен және көшпелілер өміріндегі берекелі кезеңнің келуімен байланыстырылған.
Қымыз мұрындық атауының өзі қазақ тілінен аударғанда «мұрынды қымызға тигізу», «қымыздан дәм тату» деген мағынаны білдіреді. Ақ қымыздың семантикасы осы мерекенің киелі сипатын айқындап, оның ерекше мәнін тереңдете түседі.
ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.