Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары
Таңсәрі
1 сурет.
Таңсәрінің символикасы әлем халықтарының мәдениетінде көбіне жағымды мағынаға ие болып, ағаруды, үмітті, жарықтың түнекті жеңуін, жастықты және жаңаруды білдіреді. Халықтық мәдениетте таңсәрі күн батумен қарама-қарсы қойылады, ал күннің батуы құлдыраудың, күйреудің, әлсіреудің және күш-қуаттың жоғалуының нышаны ретінде танылады.
Наурыз мерекесі күні қазақтар таңды қарсы алып, Күнге құрмет білдірген және онымен жаңа жылдық айналымның басталуын, жаңа үміттердің келуін байланыстырған. Қазақ фольклорындағы таңсәрі мен таңның символдық мәні Бәйтерек — Әлем ағашының шыңында Күннің тууы туралы мифологиялық сюжет арқылы көрініс табады. Оны әр түн сайын, яғни қараңғы уақытта, қаһарлы Айдаһар жұтып қояды деп сенген.
Таңсәріде көптеген ғұрыптар, соның ішінде емшілік рәсімдері де орындалған. Ауру «қараңғылыққа», «өзге әлемге» кетеді деп есептелген.
ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.