Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Бөрісырғақ

1 сурет.

Табиғаттағы киелі мәнге ие құбылыстардың бірі — ақпанның шамамен 17-сі мен 25-і аралығында болатын, бұршақ аралас боранмен және қатты аязбен сипатталатын кезең. Қазақтар оны бөрісырғақ деп атайды. Бұл атау «бөрі» — қасқыр, «сырғақ» — ойнақ, қызу қимыл деген мағыналармен байланыстырылады. Дәл осы уақытта қасқырлардың шағылысу кезеңі басталады. Жыл сайын небәрі 5–6 күнге созылатын осы мезгілде қасқырлар ұрғашысын үйірден бөліп алып, ұрықтану мен болашақ ұрпағын өрбіту үшін қауіпсіз орынға тұрақтайды.

Осы кезеңде қазақтарда қасқыр аулауға тыйым салынған. Мұндай тыйымдар адамның киелі жануарларға деген қатынасын реттеп, мәдени дәстүрде ерекше орын алған. Қазақтар мен жалпы түркілердің түсінігінде тыйымды бұзу — адам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысты бұзу, ал оның соңы міндетті түрде жазаға әкеледі. Нышандық тұрғыдан қасқыр, яғни тотем, шекарадан өту, өтпелі кезеңдер мен түбегейлі бетбұрыс сәттерімен де астасады. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі дүниетанымында қасқыр осы қауіпті табиғи құбылыстың — бөрісырғақтың бастау көзі ретінде ұғынылған.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.