Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Кемпірқосақ

1 сурет.

Кемпірқосақ — тіршіліктің барша бояуын бойына сыйдырған нышан. Әлемнің көптеген мәдениеттерінде кемпірқосақ Аспан мен Жерді жалғайтын көпір, Құдайдың шексіз мейірімі мен адамдарға деген сүйіспеншілігінің белгісі ретінде танылады. Қазақ мәдениетінде ол кемпірқосақ деп аталады. Ш. Уәлиханов бұл атаудың шығу тегін жаңбырдан кейін қой-ешкі тобын — қосақты көктегі кемпір кейпіндегі құдірет сауады деген мифологиялық түсінікпен байланыстырған.

Ежелгі түркілердің сенімі бойынша, кемпірқосақ арқылы адамдарға аспаннан Ұлы Ана құдай — Ұмай ана түседі. Ал кемпірқосақтың өзі кей халықтарда Әлем белдеуі ретінде сипатталған: түрікмендерде — әлем қошар, әзербайжандар мен түріктерде — аспан белдеуі, ал құмықтарда Тәңір жаясы, яғни «Тәңірінің садағы» деп аталған.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.