Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары
Мизан көк
1 сурет.
Көшпелілердің табиғатқа деген зерделі әрі бейжай қарамайтын бақылауы қоршаған ортадағы көптеген заңдылықтарды метафоралық тұрғыдан пайымдауға, уақыт пен циклділікті түсінуге және, әрине, оларды тілдік дүниетанымда бекітуге алып келді. Осындай құбылыстардың бірі — «мизан көк» деп аталатын кезең. Бұл уақыт ерте көктемге сәйкес келеді, яғни қар астынан көк шөптің қылтиып шыға бастайтын шағы.
«Мизан» сөзі араб тілінен аударғанда «өлшеу», «таразы» деген мағынаны білдіреді. Осыған байланысты бұл кезең кетіп бара жатқан қыс пен келіп жатқан көктемнің тепе-теңдік орнаған, өзара теңескен мезгілі ретінде ұғынылады. «Мизан» сөзі күн мен түннің теңелу кезеңіне қатысты да қолданылады, ал «мизан шуағы» тіркесі күз бен қыстың аралығындағы теңесу кезеңін білдіреді.
Халық түсінігінде бұл уақыт киелі мәнге ие болып, фольклорда жақсылық пен жамандықтың, жарық пен қараңғылықтың тәртіпке түсіп, өзара үйлесім табатын символдық кезеңі ретінде кең көрініс тапқан.
ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.