Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

«Төртүшкіл»

Бұл — бір нүктеде төбелері түйісетін төрт ромбтан тұратын қызықты геометриялық пішін. Бейнесі алыстан қарағанда жұлдызға ұқсайды. Өрнектің дәстүрлі атауы «төрт» және «үшкіл» сөздерінен құралған. Осы екі құрамды атауда өрнектің бастапқы мағынасы кодталған деуге болады. Түркі мәдениетінде «төрт» санының нышандық мәні дүниенің төрт бұрышы, жылдың төрт мезгілі секілді ұғымдар арқылы көрінеді. Ал «үшкіл» сөзі қазақ ұғымында ұшқырлық, өткірлік мағынасымен сабақтас келеді. Мысалы, «ұшқыр ой» тіркесі осыны аңғартады.

Бұл өрнек тұйық әрі симметриялы жүйе ретінде сипатталады. Ол дербес элемент ретінде де, басқа өрнектермен бірге кілемдік композицияларда, ағашты көркем өңдеуде және өзге де сәндік-қолданбалы өнер түрлерінде сюжеттік композицияның құрамдас бөлігі ретінде де қолданыла алады.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.