Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Төр

Киіз үй есігінің қарсы тұсында ең құрметті орын — төр орналасқан. Ол ерекше ретпен жиналып қойылатын төсек-орын жабдықтарының жиынтығы — жүкпен айқындалған. Н. Ж. Шаханованың пікірінше, заттарды, әсіресе төсек-орынды осылайша жинап қою тәсілі «құнарлылық — байлық — бақыт» деген идеялар тізбегін бейнелеуден туындаған [9, 32-б.]. Бұл ойды түкті және киіз кілемдердің, әртүрлі көрпелердің, соның ішінде құрақ көрпенің безендірілуі де қуаттай түседі, ал осы композицияны жастықтар толықтырып тұрған. Керегеге, төрден сәл жоғарырақ тұсқа, қару-жарақ, қамшы, домбыра және іші түтікше етіп сыпырылған жыртқыш аңдардың терілері — қасқыр, түлкі және т.б. ілінген. Бұл заттардың әрқайсысы тұмарлық, қорғаныштық қызмет атқарған. Төрге әрдайым ең сыйлы қонақтар отырғызылған, өйткені қазақ мәдениетінде қонақ — Жоғарғы күштердің жіберген елшісі деп түсінілген, сондықтан оны жақсы қарсы алып, күтіп, құрмет көрсету қажет болған.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.